Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның адамгершілік, зияткерлік және мәдени дамуын қамтамасыз ету, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық құндылықтарын дәріптеу және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін арттыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Сонымен қатар, «Адал азамат» қағидаттарына сай кәсіби әрі жауапты болу – әрбір адамның қоғам алдындағы маңызды борышы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тек жазалау шараларымен ғана шектелмейді. Бұл бағыттағы ең тиімді жол – алдын алу жұмыстарын күшейтіп, қоғам санасын өзгерту, жастардың бойына адалдық пен әділдік құндылықтарын сіңіру.
Сыбайлас жемқорлық қоғамның дамуына кері әсер етіп, халықтың сенімін әлсіретеді. Сондықтан оған қарсы күрес әр азаматтың саналы ұстанымынан басталуы қажет. Әсіресе жастар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу – болашақта жемқорлықсыз қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.
Қоғамда ашықтық пен әділдік орныққан кезде ғана сенім мен тұрақтылық нығаяды. Сол себепті әр адам заң мен тәртіпті құрметтеп, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінуі тиіс.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі