Тұрғындар аса белсенді

Ауданымыздағы N540 сайлау учаскесі С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ғимаратында орналасқан.

Учаскенің кіреберісі Наурыз мейрамына арналған баннермен, іші ұлттық нақышта безендіріліп, ұлттық әуендер ойналып тұрды. Мерекелік көңіл-күй байқалып-ақ тұр. Дауыс берушілерге наурыз көже таратылды. Сайлаушылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Мүгедектігі бар азаматтар үшін де арнайы дауыс беру орны қарастырылыпты. Ешқандай заң бұзушылық байқалған жоқ.

–­ Біздің сайлау учаскеміздің тұрғындары сайлауға аса белсенділікпен қатысуда. Көбісі сағат 6:30 да келіп, күтіп тұрды. Сайлау заңдылығына сәйкес, азаматтарды сағат 7­-ден бастап кіргізе бастадық. Бірінші болып келген сайлаушыға естелік сыйлық бердік.

Үлкен-­кіші бәрі қалыспай келіп жатыр. Азаматтардың ынтасы зор деп сенімділікпен айта аламын. Еліміздің алдағы болашағына жауапкершілікпен қарайтынын білдірсе керек, –­ деді №540 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Шынар Түлкібайқызы.

– Бүгін бәріміз үшін жауапты күн. Сайлау әділ де таза өтсін деп тілеймін. Үміткерлер сенімді ақтап, мемлекетіміздің дамуына лайықты үлестерін қосса деймін. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын, –­ деді зейнеткер, аудан тұрғыны Байдәулет Мырзашев.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *