Ұлытау облысы Полиция департаменті, көліктегі полиция және прокуратура қызметкерлері тұрғындарды интернет алаяқтарынан сақтандыру мақсатында теміржол вокзалы мен әуежай аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға кең таралған интернет алаяқтық түрлері түсіндіріліп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бөгде адамдарға жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бермеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, алаяқтардың арбауына түспеу жолдары айтылды.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға және күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге шақырады. Интернет арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *