ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қай қоғамда болмасын заң мен тәртіптің орны ерекше. Заң үстемдік құрған елде тұрақтылық сақталып, халықтың әл-ауқаты артады. Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың заңға деген құрметін күшейту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Заң – қоғам өмірін реттейтін негізгі құрал. Ол азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, қоғамдық тәртіптің сақталуына жол ашады. Ал тәртіп – ел ішіндегі тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Егер әр адам заң талаптарын сақтап, өз міндетіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда өзара сыйластық пен сенім қалыптасады.

Қазіргі таңда құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында елімізде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға баса мән берілуде. Себебі елдің ертеңі – саналы да білімді ұрпақтың қолында. Жастар заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауды өмірлік қағидасына айналдырса, мемлекетіміздің болашағы да берік болады.

Жаңаарқа ауданында да қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Құқық қорғау органдары тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде. Бұл жұмыстар қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, тұрғындардың қауіпсіз өмір сүруіне ықпал етеді.

Заңды сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес. Бұл – әр азаматтың азаматтық борышы. Қоғамдағы тәртіп әр адамның өзінен басталады. Көшеде тазалық сақтау, қоғамдық орындарда мәдениетті болу, өзгенің құқығын құрметтеу – мұның бәрі заң мен тәртіпке деген құрметтің көрінісі.

Тәртіпке бағынған елдің тірлігі берекелі болады. Сондықтан заң талаптарын орындау, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық жауапкершілікті күшейту – баршаға ортақ міндет. Заң мен тәртіп салтанат құрған қоғам ғана дамудың даңғыл жолына түсіп, болашаққа нық қадам жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *