Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

2026 жылдың 14 мамыр күні жоспарға сәйкес №14 жалпы білім беретін мектебінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» бойынша 6-11 сынып білім алушыларымен (162 оқушы) кездесу өтті.
Кездесуге – Сәтбаев қаласының полиция бөлімі бастығы полиция полковнигі Магзиев Думан Жумагалиевич, Сәтбаев қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Садыков Арман Файзуллаевич, Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Сейтмагамбетов Медет Зарубаевич және мектеп әкімшілігі қатысты.
Кездесу барысында Думан Жумагалиевич қазіргі уақыттағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың саны жыл сайынғы есеппен салыстырғанда едәуір көбейгенін айтып, атқарылған іс-шараларға тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда алаяқтық қызметтер үлкен орын алып жатқанына тоқталды. Арман Файзуллаевич – «дропперлер» ақшаны шоттардан алаяқтық жолмен шығару схемасына қатысып, көптеген халықтың алданып қалғанын айтып, фактілер келтірді. Олардың атына шоттар, карталар немесе электрондық әмияндар ашылып, сол арқылы қылмыстық жолмен алынған қаражат туралы анықтама берілді. Білім алушылар мен ұстаздарды алаяқтық…