Ұлытау облысы мектептерінде тыйым салынған контентке қолжетімділік шектелді

Ұлытау облысындағы бірқатар білім беру мекемесінде оқушылардың тыйым салынған интернет-ресурстарға еркін кіре алғаны анықталды, деп хабарлайды Ұлытау облысының прокуратурасы.

Жүргізілген талдау барысында «Білім туралы» Заңның 43-бабы талаптарының қаладағы бірқатар жалпы білім беру ұйымдарында өрескел бұзылғаны анықталған.
– Белгіленген нормаларға қарамастан, 13 мектепте кәмелетке толмағандарды олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге, соның ішінде суицид пен зорлық-зомбылыққа итермелейтін материалдарды қамтитын тыйым салынған интернет-ресурстарға еркін қолжетімділік болған (заңның 43-бабы, 11-тармақшасы) – білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге арналған байланыс операторларының қызметтері арқылы интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптары), – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Осылайша Сәтбаев қаласы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша 13 білім беру ұйымының басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, ӘҚБтК-нің 409-бабы, 7-2-тармағына сәйкес әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
Сонымен қатар прокуратура ұсынуы негізінде аталған мекемелерде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 12 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысында темір кен орнын заңсыз сатқан кәсіпкер сотталғанын жаздық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *