«Таза Қазақстан» – ортақ міндет

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан маңызды бастама. Акция аясында қала, ауыл көшелері, саябақтар, аулалар мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылып келеді.
Тазалық – тек сенбілікпен шектелмейтін, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс құндылық. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы біз болашақ ұрпаққа жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырамыз.
Акция барысында тұрғындар табиғатты аялауға, қоқысты белгіленген орындарға тастауға, қоғамдық орындарды ластамауға шақырылады. Әсіресе жастардың белсенділігі мен экологиялық жауапкершілігі ерекше маңызға ие.
«Таза Қазақстан» – бұл тек тазалық шарасы ғана емес, қоғамның мәдениеті мен бірлігінің көрінісі. Туған жердің тазалығы – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.