«Жезқазған – Қарағанды» трассасын қайта жаңғырту 2026-2029 жылдары жүзеге асады

Бұл жайында Ұлытау облысы әкімі орынбасары Алмаз Ыдырсовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында баян етілді. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер аяқталу сатысында.
Жобаның жалпы ұзындығы – 513 шақырым, оның 335 шақырымы облыс аумағында, қарызға алынған қаражат соммасы – 650 млрд теңгені құрады.
Жобаны іске асыру мерзімі 2026–2029 жылдарға жоспарланған. Жоба «Кілт тапсыру» форматында жүзеге асырылады, Яғни «Кілт тапсыру (EPC) форматы» – жобаны толық дайын күйінде тапсыру тәсілі. Бұл жағдайда мердігер ұйым жобалаудан бастап құрылыс, жабдықтау және іске қосуға дейінгі барлық жұмыстарды толық орындайды және бес жыл күтіп ұстайды. Ал тапсырыс беруші дайын нысанды қабылдап алады.
Еске сала кетейік, осы жылдың сәуір айында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Вашингтон қаласында Дүниежүзілік банк арасында «Қарағанды–Жезқазған» автожолын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылған болатын.