«Заң мен Тәртіп»: полицияға бір батырма арқылы хабарлас!

Азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға eGov Mobile қосымшасында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді “Заң мен Тәртіп” цифрлық сервисі арқылы хабарлай алады.
Сервис өткен жылдың жазында іске қосылған болатын.
Арнайы батырма арқылы пайдаланушылар құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы, балаға қатысты оқыс жағдай және қоғамдық тәртіпті бұзудың басқа да деректері туралы полиция бөліміне бармай-ақ, қоңырау шалмай-ақ, жедел хабарлама жібере алады.
Хабарлама бірден полицияға түседі, бұл азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
2026 жылдың төрт айында сервис арқылы 34 153 хабарлама келіп түсті.