Берік Әбдіғалиұлы «Неге солай?» фильмінің арнайы көрсетіліміне қатысты

Белгілі ақын, жазушы, драматург, аудармашы және режиссер Кенжебай Ахметовтың мерейтойына орай «Неге солай?» фильмінің арнайы көрсетілімі өтті.

Іс-шараға Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, фильм актерлері, өңірдің шығармашылық зиялыларының өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.

Көркем фильмнің арнайы көрсетілімі осы картинаның қоюшы-режиссері Кенжебай Ахметовтың 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Берік Әбдіғалиұлы Кенжебай Кәрібозұлының қазақ мәдениетіне қосқан елеулі үлесін атап өтіп, құрмет белгісі ретінде иығына шапан жауып, ноутбук табыс етті.

Іс-шара соңында көрермендердің қошеметіне бөленген Кенжебай Ахметов «Неге солай?» фильмін түсіру бойынша жұмыс істеген барлық шығармашылық топты атап өтті. Бұл картинада Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор Жақсыгелді Сейіловтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *