🚸 Дропперлікке жол жоқ: алаяқтық схемалардан сақ болыңыз

💳 Дропперлік — қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі. Бұл — үшінші тұлғалардың заңсыз ақша айналымы үшін азаматтардың банк шоттарын немесе төлем карталарын пайдалануы.

💵 Қара ниеттілер азаматтарды алдап, «жеңіл табыс» ұсынады. Мұндай ұсыныстар қауіпсіз болып көрінгенімен, олардың артында заңға қайшы әрекеттер жатыр.

⚡️ Полиция банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді. Егер қысқа уақыт ішінде көптеген аударым жасалса, әртүрлі тұлғалардан қаражат түссе немесе шоттар алаяқтықпен байланысты болса, келесі шаралар қабылданады:

🔴 есепшотқа қызмет көрсетуді уақытша шектеу;

🔴 жүргізілген операциялар бойынша түсініктемелер мен құжаттар талап ету;

🔴 шоттағы қаражатты толық бұғаттау;

🔴 материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау;

🔴 азаматты банктің “қара тізіміне” енгізу.

Мұндай жағдайда азамат банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

❗️ Есте сақтаңыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды. Сақ болыңыз!

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *