Интернет алаяқтық: сақ болыңыз!

Қарағанды облысының прокуратурасы интернет-алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертеді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыс бойынша 541 алаяқтық фактісі тіркелді, оның 335-і интернет-ресурстарды пайдалану арқылы жасалған.

Ең кең таралған схемалар: онлайн сауда, әлеуметтік желілер, сондай-ақ банк операциялары, ұтыстар мен инвестициялар туралы жалған хабарламалар.

Өңірде мұндай қылмыспен айналысқан тұлғалар ұсталды.

Мысалы, азаматша «Krisha.kz» сайтында пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, клиенттерден алдын ала төлем алып, қашып кеткен.

Сот оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Прокуратура ескертеді:
— бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз;
— күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
— үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшалар орнатпаңыз;
— күмәнді операциялар кезінде банкке хабарласыңыз;
— алаяқтық белгілер байқалса, дереу «102» нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1212040?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *