Жезқазғанда жаңа форматтағы гипермаркет ашылды

Наурыз мейрамының құрметіне Жезқазғанда «Samadi Mart» гипермаркетінің салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа сауда нысанының ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қатысты.

Гипермаркеттің жалпы ауданы 4 мың шаршы метрді, оның ішінде сауда залының ауданы 2400 шаршы метрді құрайды.

Ассортимент 40 мың тауар позициясын қамтиды.

Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 2 млрд теңгені құрады. Жаңадан 100-ге жуық жұмыс орны ашылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *