Сәтбаев қаласында жасыл желек жерасты су көздері арқылы суарылатын болды

Шаһарда бірнеше ұңғыма қазылған.
🌱 Бұл жүйе ылғалды ұстап тұруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаздың аптап ыстығында саябақтар мен гүлзарлар дер кезінде суарылады.
🌱 Сәтбаев қаласының Ұлытау көшесіне биыл 6 мың түп мамыргүл көшеті егілу тиіс. Жасыл желекті жергілікті билік жерасты су көздерінен суаруды көздеп отыр.
🌱 Биыл шаһарда ылғал жеткізудің жаңа жүйесі салынады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 128 млн теңге қаржы бөлініп, 6 құдық қазылады. Су резервуарлары мен тамшылап суару қондырғылары орнатылады.
🌱 Жаңа суару жүйесі мамыр айында дайын болуы тиіс.