Ұлытау облысының прокурорлары 10 мыңға жуық азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады

Адам құқықтарын қорғау, оның ішінде конституциялық құқықтардың сақталуын бақылау прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Жүргізілген қадағалау жұмысының нәтижесінде Ұлытау облысының прокуратура органдары 9 727 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады.

Атап айтқанда, Жаңаарқа ауданындағы «Жаңаарқа жылу» коммуналдық кәсіпорнында 115 қызметкерге қатысты зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген.

Жезқазған қаласында 5 954 мүгедектігі бар адамға мемлекеттік органдардың қажетті құжаттары рәсімделмеген, бұл аталған санаттағы азаматтардың кемсітушілікке ұшырауына әкелген.

Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, заңбұзушылықтар жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
 
Ұлытау облысы прокуратурсының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1209435?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *