Ұлытау облысында 50-ден аса жер телімі заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен Прокурорлар жер учаскелерін заңсыз беру фактілерін анықтады

Коммерциялық мақсаттағы екі жер учаскесі белгіленген тәртіпті бұза отырып берілгені, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы 7 мың га жердің мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды.

Жаңаарқа ауданында ауданы 1,2 га-дан асатын жер учаскесі міндетті электрондық сауда-саттық өткізілмей жеке тұлғаға берілген, бұл негізсіз артықшылық туғызып, ашықтық қағидаттарын бұзған.

«Сонымен қатар, су қорғау аймақтарында жер беруге тікелей тыйым салатын су заңнамасының талаптарын бұза отырып, 55 жер учаскесінің жекеменшікке берілгені анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Қазіргі уақытта заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр», – делінген прокуратура хабарламасында

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *