Заң және жауапкершілік: оқушылармен ашық диалог

2026 жылғы 24 сәуір күні «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында заң талаптары қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіріліп, арнайы құқықтық сағат ұйымдастырылды.

Аталған кездесуге прокуратура ардагері Бөрібаев Ерболат, Ұлытау облысы Полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерғали Наурызбайұлы Қожабеков және Жезқазған қаласы прокуратурасының аға прокуроры Сырлыбай Уәлихан Шәріпұлы қатысты.

Кездесу барысында буллинг, нашақорлық және «дроппер» сияқты өзекті мәселелер талқыланып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды ақпараттар ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *