Баян-Өлгейде Қазақстан консулдығы ашылады

— Біз екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер жүргіздік. Саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де саладағы ықпалдастығымызды одан ары арттыруға келістік. Атап айтқанда, біз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік, — деді Президент.

Мемлекет басшысының пайымынша, мұны шын мәнінде бауырлас әрі тарихы тамырлас елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік рухына сай келетін маңызды қадам деп айтуға толық негіз бар.

— Сондай-ақ бұл моңғол елінің қазақ халқына деген ізгі ниеті мен шынайы достық көңілінің айқын көрінісі екені сөзсіз. Біз бұл шешімді жоғары бағалаймыз. Осы орайда Президент Хурэлсүх мырзаға зор алғысымды айтқым келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *