Заң мен тәртіп: жеке құраммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 16 сәуірде Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде департамент бастығының орынбасары Шыңғыс Самиевтің төрағалығымен жеке құраммен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері мен Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сталкингтің алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері қарастырылды.

Жеке құрамға отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгені түсіндіріліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *