Ұлытау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 17–30 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері, жедел-іздестіру бөлімшелері және өзге де уәкілетті құрылымдар күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Көлік құралдарына бақылау күшейтіліп, жүргізушілердің құжаттары мен жол қозғалысы ережелерін сақтау тәртібі тексерілуде.
Сонымен қатар, Жедел басқару орталығы мен кезекші бөлімдер бейнебақылау жүйелерінің көмегімен азаматтар көп шоғырланатын аумақтарға тәулік бойы мониторинг жүргізуде.
Заңсыз айналымдағы тыйым салынған заттарды, оның ішінде есірткі құралдарын, атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды анықтау және тәркілеу бағытындағы жұмыстар күшейтілді.
Аталған іс-шара қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
—
В области Ұлытау в целях обеспечения общественной безопасности и профилактики правонарушений в период с 17 по 30 апреля проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Правопорядок».
В рамках мероприятия сотрудники патрульной полиции, оперативно-розыскных подразделений и других уполномоченных служб несут службу в усиленном режиме. Усилен контроль за транспортными средствами, проверяются документы водителей и соблюдение ими правил дорожного движения.
Также ситуационный центр и дежурные подразделения осуществляют круглосуточный мониторинг мест массового пребывания граждан с использованием систем видеонаблюдения.
Усилена работа по выявлению и пресечению фактов незаконного оборота запрещенных предметов, включая наркотические средства, огнестрельное оружие, боеприпасы и взрывчатые вещества.
Данное мероприятие направлено на обеспечение общественного порядка и безопасности граждан.