Азия Кубогында жерлестеріміз Ұлытау облысының намысын қорғайды

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Шымкент қаласында 21 және 22 наурыз күндері Ұлттық ат спорты — «Аударыспақтан» ашық Азия кубогы өтеді.

Жарысқа 5 салмақ дәрежесіндегі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиядан барған 100-ден астам спортшы қатысады. Үлкен додада Ұлытау облысының намысын қорғауға Жаңаарқа ауданынан төрт спортшы аттанғалы отыр.

Айта кетсек, Байтұрсын Отыншы, Еламан Төлеуханов, Дәулет Құрақбай, Ердәулет Матаев сынды жерлестеріміз тартысты бәсекеде бақтарын сынайды.

Осыған орай, бүгін әкімдікте жиын ұйымдастырылып, облыстық ұлттық спорт федерациясының президенті Қайсар Сейпішов, аудандық ұлттық спорт федерациясының төрағасы, аудан әкімінің кеңесшісі Бейбіт Хасенов және аудандық спорт бөлімінің басшысы Алдан Қарабаев спортшыларға ақ жол тілеп, спорттық додада тек жеңіспен оралуларына тілектестіктерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *