Облыс орталығындағы «Жастар» саябағында қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жоба «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асуда. Осыған байланысты демалыс орны уақытша келушілер үшін жабық.

Жоба аясында жүргізілетін демонтаж жұмыстары кезінде қурап қалған ағаштар алынып, олардың орнына сәндік өсімдіктер мен жаңа жасыл желектер отырғызылады. Сонымен қатар, заманауи сәулеттік нысандар орнатылып, саябақтың келбеті жаңаша сипатқа ие болмақ.

Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасының негізгі бағыттарымен үндес. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту, жасыл аймақтарды көбейту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруды көздейді.

Саябақты жаңарту – тек инфрақұрылымды жаңғырту ғана емес, сонымен қатар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындар үшін жайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *