Республика көлемінде «Жер сағаты» акциясы өтеді

Ұлытау облысы бойынша экология департаменті облыс тұрғындарын «Жер сағаты» халықаралық акциясына қатысуға шақырады.

Тұрғындардың қоршаған ортаға экологиялық көзқарасын жақсарту, жауапкершілігі мен экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мақсатында 2023 жылғы 25 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін республика көлемінде «Жер сағаты» акциясы өтеді. Оны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ұлытау облысындағы барлық мекеме, кәсіпорындар мен сауда нысандары мен тұрғын үйлердегі жарықты өшіріп, осы бастаманы қолдауларыңызды сұраймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *