Біз таза қалада тұрғымыз келеді 🏙️
Ұлытау облысында өткен «Заң мен Тәртіп» шарасы аясында мектеп оқушылары Жедел басқару орталығында болып, бейнебақылау жүйесі арқылы қаладағы құқық бұзушылықтарды бақылауға қатысты 📹
Ең бастысы — оқушылар камера арқылы анықталған құқық бұзушылықтар туралы жедел түрде хабарлап отырды.
Олар нақты уақыт режимінде:
▪️ белгіленбеген жерге қоқыс тастау
▪️ қоғамдық орындарды ластау
▪️ ұсақ бұзақылық деректерін тіркеді
Жедел басқару орталығының қызметкерлері түскен ақпаратты бірден патрульдік полиция мен учаскелік инспекторларға жолдап, жедел әрекет етуді қамтамасыз етті 🚔
Нәтижесінде құқық бұзушылар анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Бұл шара оқушыларға заң мен тәртіптің маңызын іс жүзінде түсінуге мүмкіндік берді.
Таза қала — өзімізден басталады! 🌿