Полиция жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қала аумағында тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Бақылау барысында кейбір тұрғындардың габаритті (ірі көлемді) қоқыстарды контейнер алаңдарына ретсіз шығарып, белгіленген талаптарды сақтамай жатқаны анықталды.

Осыған байланысты ескертеміз: габаритті тұрмыстық қалдықтарды (жиһаз, тұрмыстық техника, құрылыс қалдықтары және т.б.) қоқыс контейнерлеріне немесе олардың жанына өз бетінше қалдыруға болмайды.

Талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, белгіленген ережелерді қатаң ұстануға шақырамыз.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *