🚔 Полиция инспекторының бір күні «Форма кию — жауапкершілік жүгін арқалау»
Түнгі патруль. Көпшілік кешкі демалысқа қамданып, үйіне асыққанда, Жезқазған қалалық ПБ патрульдік полиция ротасының инспекторы, аға лейтенант Нұрхан Мырзаахметов қызметке кіріседі. Бұл — жай ғана кезекшілік емес, бұл — қала тыныштығын күзету.
Түн қалай өтеді?
📍 Басқармаға келу. Қару-жарақты қабылдау — тәртіп пен қауіпсіздіктің басты кепілі.
📍 Саптық таралым. Командирден нақты тапсырмалар мен нұсқаулықтар алу. Осы сәттен бастап Нұрхан мен оның әріптестері үшін «қауіпсіз қала» миссиясы басталады.
📍 Түнгі патруль. Қала көшелері, аулалар, қоғамдық орындар — барлығы бақылауда. Әрбір шақыртуға жедел әрекет ету — басты міндет.
«Патрульдік полиция — халықпен тікелей байланыс орнататын қызмет. Біздің мақсатымыз — жазалау емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету», — дейді аға лейтенант.
Бұл — жай ғана мамандық емес, бұл — антқа адалдық.
🌙 Біз қызметтеміз — сіз тыныш ұйықтау үшін!
#ПолицияИнспекторыныңБірТүні #Жезқазған #ҰлытауОблысы #ПатрульдікПолиция #Қауіпсіздік