Құқық кабинеттер ашылды
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында, Ұлытау облысы Әділет Департамент жергілікті атқарушы органдарымен (аудандық әкімдіктерімен) бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ұлытау облысының ауылдық елді мекендерінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Құқық кабинеттердің» ашылғаның хабарлаймыз.
Аталған кабинеттер компьютерлік техникамен жабдықталған. Мұнда азаматтар «Әділет» ЖЗШ, «Заң» деректер базасымен танысып, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-Оtinish, Еgov, Ашық НПА», қол жеткізе алады.
Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері аппаратының мамандары тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу бойынша көмек көрсетеді.
Ұлытау облысы бойынша ашылған «Құқық кабинеттердің» орналасқан мекенжайлары көрсетілген тізімді қоса берілген.