Кеден саласындағы тізілімдер жаңа платформада жарияланады

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден саласындағы қызметті әкімшілендіру шеңберінде келесіні хабарлайды.
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 485-бабына сәйкес кеден органдары кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерін жүргізеді.
Тізілімдерге енгізу немесе алып тастау, мәліметтердің өзгеруі, сондай-ақ қызметті тоқтата тұру және қайта бастау туралы ақпарат тиісті шешім күшіне енген күні уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
kgd.gov.kz порталының жабылуына байланысты кедендік тізілімдер «Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» сайтында (Қызмет – Салалық құжаттар – Кедендік әкімшілендіру – Тізілімдер бөлімінде) орналастырылады.
Аталған өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *