2026 жылдан бастап шаруа және фермер қожалықтарына салық салу тәртібі өзгереді

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу тәртібі өзгеретінін хабарлайды.
2026 жылға дейін аталған салық төлеушілер салық міндеттемелерін бірыңғай жер салығын төлеу арқылы орындады.
2026 жылдан бастап бірыңғай жер салығы жойылып, салық міндеттемелері жеке табыс салығы түрінде орындалады.
Осыған байланысты назар аударамыз:
– 2026 жылға дейінгі салық кезеңдері үшін төлем бірыңғай жер салығы бойынша (БСК 104501) 920.00 нысаны арқылы жүргізіледі;
– 2026 жылдан бастап төлем жеке табыс салығы бойынша (БСК 101202) 920.00 нысаны арқылы жүзеге асырылады.
Салық міндеттемелерін орындау кезінде аталған өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *