Заң мен тәртіп – күшті қоғамның негізі

Заңға бағыну – шектеу емес, ол әр азаматтың қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілі.
Ал тәртіп – қоғамдағы сенім мен тұрақтылықтың тірегі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Әділетті Қазақстанның іргесі заң мен тәртіптен басталады. Бұл – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір жастың жауапкершілігі. 

Ұлытау ауданында Заң мен Тәртіп идеологемасын ілгерілету жөніндегі жоспарға сәйкес Жезді кентінде «Заң қарапайым тілмен» тақырыбында құқықтық сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шара прокуратура ардагерлерінің, Полиция қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен өтті. Құқықтық сабақ Жезді кентіндегі №6 мектепте өткізілді.

Сабақтар интерактивті форматта өтіп, оқушыларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз тәжірибелерінен нақты мысалдар келтіріп, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударды.

Аталған іс-шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *