Хан ордасы – қазақ жерінің кіндігі

Бүгін, 16 наурыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанына бір жыл толды. Жолдауда мемлекет басшысы Ұлытау облысын құруды және оның әкімшілік орталығын Жезқазған қаласы деп бекітуді ұсынды. Нәтижесінде, Ұлытау облысы құрылып, тарихи әділдік орнады.

Бұл тарихи шеші аймағымызға дербес облыс мәртебесін берумен қатар, өңірдің даму деңгейін көтереді, маңызды жобаларға қаражат пен ресурстарды көбірек бағыттауға мүмкіндік береді.

2022 жылғы маусым айында Мемлекет басшысы Ұлытау облысында болып, өңірдің даму перспективаларымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажет екенін ескертті.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының облысты дамытуға бағытталған тапсырмалары орындалу үстінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *