ҚР Журналистер Одағының Ұлытау облысы филиалы мүшелерінің кезекті кездесуі өтті. Басқосу Тарихи-археологиялық музей ғимаратында ұйымдастырылды.

Кездесуді филиал төрағасы Эльвира Алпанбаева ашып, өңірлік журналистиканы дамыту мәселелеріне тоқталды.

Жиын барысында Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев өңірде журналистерді қолдау бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарын жолдады. Күн тәртібінде:
▪ Одаққа жаңа мүшелер қабылдау және марапаттау
▪ «Қазақстанның құрметті журналисі» атағына үміткерлердің портфолиосын жинау
▪ Алдағы іс-шараларды бекіту
▪ Камал Смайылов және Бауыржан Бұлқышев атындағы сыйлықтардың ережесін әзірлеу
▪ Жауапты хатшы сайлау
▪ Мүшелердің деректер базасын қалыптастыру
▪ Жарна мәселесі қаралды

Кездесу қорытындысында алдағы жұмыстардың бағыты айқындалып, нақты шешімдер қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *