АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні облыстық маңызы бар Жезді – Қарсақпай – Байқоңыр – Қоскөл шқ 182-183 автомобиль жолында су тасқынының әсерінен жол төсемі бұзылды.

Қазіргі таңда аталған жол учаскесінде сигналдық ленталар орнатылған және арнайы техникамен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Оның ішінде: Урал вахтовка – 1 бірлік, погрузчик – 1 бірлік, самосвал – 1 бірлік.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және су тасқыны аяқталғанға дейін автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша шектетілді.

Су тасқыны аяқталғаннан кейін мердігер «Дорожник» ӨК тарапынан жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.