Жастар бастамасы: тазалыққа бірге үлес қосайық

Ауданымыздағы №1 мектеп-лицейінің оқушыларымен бірлесіп, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза аула» челленджі ұйымдастырылып, сенбілік жұмыстары өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және туған жерге деген жанашырлық сезімді нығайту.

Сенбілік барысында мектеп ауласы мен оған іргелес аумақтар тазартылып, қоқыстар жиналып, айналаны көркейту жұмыстары жүргізілді. Жастар белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Осындай игі бастамалар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа және табиғатты аялауға тәрбиелейді. Тазалық – баршаға ортақ міндет екенін ескерсек, бұл шараның тәрбиелік маңызы зор.

Барша аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға және «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *