Ұлытау облысында реновация бағдарламасы бастау алды
Инвесторлар қаражатына қолдауымен Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында апатты деп танылған үйлерді сүріп, жаңа тұрғын үй кешендерін салу жұмыстары кезең-кезеңімен басталады.
Қазіргі уақытта Ұлытау облысының орталығы Абай көшесіндегі төрт үйді қоршау жүргізіліп жатыр. Алдағы он күндікте сүріле бастайды.
Ал Сәтбаев қаласындағы апатты үйлердің жұмысы бір айдың көлемінде басталады деп күтілуде.
Жалпы облыста бас-аяғы 120 үй апатты деп танылған.