Бар жақсылық – балаларға

Бүгін «Наурыз – балалар үшін басты мереке» акциясы аясында облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы Маруа Құлушева атындағы балаларды қолдау орталығына барды, онда қазіргі уақытта 55 тәрбиеленуші тұрады.

Өңір басшысы балалар үшін барлық жағдай жасалған орталықты аралап, олардың шығармашылық жұмыстарымен танысты.

Балаларды мерекемен құттықтап, оларға тәтті сыйлықтар тапсыра отырып, облыс әкімі «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық фестивалінің жеңімпаздары мен номинанттарын ерекше атап өтті.

Смартфон мен ақылды сағатты «Жүрек жылуы» вокалистер байқауында бірінші орын алған Саша Лознухо табыстады.

«Көрермен көзі» номинациясын жеңіп алған «Тау гүлі» би ансамблінің қатысушыларына облыс әкімі смарт-сағат сыйлады.

Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері өз кезегінде қонақтарға жарқын концерттік бағдарлама дайындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *