Ұлытау облысының «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы хабарлайды:

Қызылорда – Жезқазған автомобиль жолының қайта жаңарту жүргізіліп жатқан учаскесінде (424–410 км, Талап кенті бағыты) бұрын анықталған жол жамылғысының бүлінуіне байланысты қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде жүргізілді.

Ағымдағы жағдай бойынша:
• Ауыр жүк тиегіш автосамосвалдардың қозғалысы толықтай тоқтатылды;
• Жол жамылғысындағы барлық анықталған ақаулар жойылды;
• Жолға тегістеу жұмыстары жүргізілді;
• Шұңқырларды жөндеу толық орындалды.

Жөндеу жұмыстарына барлығы 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды:
• 4 жүк тиегіш,
• 2 грейдер,
• 2 каток.

Қазіргі уақытта жол учаскесі қанағаттанарлық жағдайға келтірілді. Сонымен қатар, 424–410 км аралығында айналма жол құрылысы қатар жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *