Ердоған Тоқаевқа: Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік

 

«Түркияға келгеніңізге қуаныштымын. Алапат жер сілкінісінен 49 мың адам қаза тапты. Осындай қиын сәтте алғашқы болып телефон шалған көшбасшылардың бірі өзіңіз болдыңыз. Қазақстан құтқарушылары зардап шеккен азаматтарымызды құтқаруға атсалысты. Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік», – деді Түркия Президенті.

Президент қонақжайлық көрсетіп, құрметпен қарсы алғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді. Жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия халқына көңіл айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *