Құқық бұзушылықпен бірлесе күресеміз
27 ақпан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қанат Қожықаевтың төрағалығымен «Құқықбұзушылықтардың алдын алу» жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Бұл отырысқа аудан әкімінің орынбасары Мұрат Есіркепұлы Ибраев бастаған бөлім және мекеме басшылары, полиция қызметкерлері, кент және ауыл әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Арнайы Ұлытау облысының полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерғали Наурызбайұлы Қожабеков келіп, құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, Қоғам болып тәртіпті орнату үшін барлығымыз бір адамдай жұмыла іске кірісуіміз керектігін баса айтты. Слайд көрсетіліп, соның әр бағытын қалай атқару керектігі оған кімдер жауапты екенін түсіндіріп өтті.
Жасалған қателікті көріп оны жою немесе қалпына келтіру барысына бұрын бірғана мекеме жауап беретін болса қазір оған барша қоғам атсалысатынын атап өтті. Жайылым тола малдың иелері жартысын тіркеуге қойып, жартысын тіркемейтіні белгілі. Осы орайда кімнің қорасында қанша бас мал тұрғаны нақтыланып, анықталу керектігін ескерткен Ерғали Наурызбайұлы тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс атқару керектігін алға тартты. Ауылдарда иесі бар болғанымен тіркелмеген малдарды тексеріс кезінде қамайтын орындар жасалу керектігін де атап өтті.
Құқық бұзушылықтың алдын алуға барша қоғам болып атсалысқанда нәтиже болатынын баса айтқан басшы заңдардағы өзгерістерге де тоқталып өтті. «Әрқайыссыңыз жұмыс барысында өз міндеттеріңізді жақсы біліп, соған сай әрекет жасасаңыздар келеңсіздіктің көзі жойылып, тәртіп нығайа түседі деді» — полиция полковнигі Ерғали Наурызбайұлы Қожабеков.