Шығыстүстімет кеншілері: Референдум — жауапты таңдау

Шығыстүстімет кеншілері: Референдум — жауапты таңдау

Осы орайда KAZ Minerals Тобына қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері де өз ұстанымдарын білдірді. Олар күнделікті жұмысында жауапкершілік пен өзара сенімге сүйеніп еңбек етіп келеді.

Тау-кен шебері Темірлан Исламханов жеке жауапкершілік қағидаты өндірісте ғана емес, қоғамдық өмірде де маңызды екенін атап өтті:

— Біздің жұмысымызда ұсақ-түйек болмайды — әр адамның іс-әрекеті қауіпсіздікке және ортақ нәтижеге әсер етеді. Біз өз шешімдеріміз үшін жауап беруге үйренгенбіз.

Референдум да — дәл сондай жауапты таңдау. Шет қалмай, келіп дауыс беруді маңызды деп санаймын. Бұл — менің ел болашағына қосқан үлесім. Баршаңызды да осыған шақырамын, — деді ол.

Осындай пікірді «Шығыстүстімет» ЖШС басқару пультінің операторы Татьяна Бояринова да қолдайды:

— Өндірісте жұмыс істей отырып, әр адамның әрекеті мен сенімінің қаншалықты маңызды екенін терең түсінесің. Ортақ нәтиже — әрқайсымыздың үлесіміз. Азаматтық ұстанымды білдіру — бұл да жауапкершілік. Мен міндетті түрде дауыс беруге келіп, өз таңдауымды жасаймын. Әр адам белсенді болып, бейжай қалмауы керек деп ойлаймын, — деп ойын ортаға салды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *