Конституциялық жоба: тепе-теңдік жүйесі сақталады
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады. Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық.
1-бөлім
1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді»
Бұл құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.
Жоба тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін бекітеді. Негізгі кадрлық шешімдер — Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау — Құрылтайдың келісімімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Президенттің қайта сайлану құқығынсыз бір реттік жеті жылдық өкілеттік мерзімі сақталады.
Мұндай құрылым «суперпрезиденттік» модельге емес, президенттік республикаға тән.
Қорытынды: Фейк