Білім беру құқығы шектелмейді – ресми мәлімдеме

«Тегін білім беру жойылады»

Бұл да жоба мәтініне сәйкес келмейді.

Шын мәнінде, мемлекеттік оқу орындарында орта білім берудің өтеусіз сипатына Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алу құқығы бекітіледі (33-бап).

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында Премьер-Министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева:

«Ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды… «Тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ «азаматтар ақы төлемей, заңда белгіленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты», – деп атап өтті.

Қорытынды: Манипуляция

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *