Зайырлылық пен демократияның байланысы

Зайырлылық – мемлекеттің діннен бөлек болуы және барлық азаматтарға сеніміне қарамастан тең қарауы. Ал демократия – халықтың билікке қатысуын, құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ететін басқару жүйесі.

Бұл екі ұғым өзара тығыз байланысты. Демократиялық қоғамда әр адамның ар-ождан және діни сенім бостандығы қорғалады, ал зайырлылық осы құқықтардың тең жүзеге асуына мүмкіндік береді. Зайырлы мемлекет барлық діндерге бейтарап қарап, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтады.

Сондықтан зайырлылық пен демократия – қоғамдағы теңдік, әділдік және бейбіт өмірдің негізгі кепілі.

Каппасов Асхат,
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімінің
дін мәселелері секторының меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *