Азаматтарға референдум учаскесі орналасқан үй-жайға уақытша тіркелу мүмкіндігі беріледі

— Тұрақты тіркелген жерінен алынып тасталған немесе еш жерде тіркеуде болмаған азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру мақсатында азаматтарға дауыс беру күні учаске орналасқан үй-жайда уақытша тіркелу мүмкіндігі беріледі және бұл тек қана дауыс беру күні үшін, — деді Мұхтар Ерман комиссия отырысында.
Оның айтуынша, учаскелік референдум комиссияларының мүшелері eGov порталы арқылы азаматтың жазбаша өтініші бойынша оны азаматтар тізіміне енгізу үшін тұрақты тіркелген жері туралы ақпаратты алады.

— Өтініш берушінің тиісті референдум учаскесінің аумағында тұрақты тіркелген жері туралы мәлімет расталған жағдайда комиссия оны сайлаушылар тізіміне енгізу шешімін қабылдайды. Егер мәлімет расталмаса, азаматтар тізіміне енгізуден бас тарту туралы негізделген шешім қабылдап, оның көшірмесін өтініш беруге табыстайды, — деді төраға орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *