ҚР Ата Заңы жобасының негізгі жаңалықтары: адам құқықтары – басты құндылық

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында мемлекеттің негізгі қағидаттары мен құндылықтары айқын әрі нақты көрініс тапқан. Ата Заңның басты жаңалығы – мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі әрі егемендіктің иесі Қазақстан халқы екенінің нақты бекітілуі. Бұл – халықтың ел басқарудағы шешуші рөлін айқындайтын маңызды тұжырым.

Жаңа редакцияда адам құқықтары мен бостандықтары тек Кіріспеде ғана емес, бүкіл Конституцияның негізгі өзегі ретінде айқындалған. Бұл норма құқықтық мемлекет қағидаттарын күшейтіп, азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктері кеңейтіліп отыр. Әсіресе, азаматтарға жаңа міндет жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш беруге тыйым салу – құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды тетік.

Кінәсіздік презумпциясы және бір құқықбұзушылық үшін қайтадан жауапкершілікке тартуға жол бермеу қағидалары да Ата Заңда нақты бекітілген. Бұл нормалар әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге және адам құқықтарын қорғауға бағытталған.

Конституция жобасындағы өзгерістердің басты мақсаты – адам мен оның құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде орнықтыру және құқықтық мемлекет қағидаларын нығайту.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *