Қазақстанда Вице-Президент институтын енгізу: басқару жүйесіндегі жаңа кезең

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы аясында Вице-Президент институтын енгізу – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Бұл бастама елдегі билік тармақтарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге және саяси тұрақтылықты нығайтуға негізделген.

Жаңа жобада Вице-Президентті ҚР Президенті Құрылтай Республикасы депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен берілген келісімімен тағайындайтыны көрсетілген. Бұл – аталған лауазымның жауапкершілігін арттырып, оның легитимділігін күшейтетін тетік. Сонымен қатар, Вице-Президенттің өкілді органның депутаты болып сайлануына, өзге ақылы қызметтер атқаруына немесе кәсіпкерлікпен айналысуына құқық берілмейді. Бұл талаптар мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Тағы бір маңызды норма – Вице-Президент өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайды. Бұл оның саяси бейтараптығын сақтауға және мемлекеттік мүддені бірінші орынға қоюына мүмкіндік береді.

Вице-Президент Президент атынан Қазақстан мен шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-гуманитарлық ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Осылайша, бұл институт елдің ішкі және сыртқы байланыстарын нығайтуда маңызды рөл атқара алады.

Жалпы алғанда, Вице-Президент институтын енгізу – мемлекеттік басқару құрылымын жаңғыртуға, жауапкершілік пен сабақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі өзгеріс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *