Қауіпті өңірлер – бақылауда
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының 189-разъезді мен Манадыр ауылының тұрғындары үшін ақпараттық хабарлама.
Бүгінгі таңда ауыл сыртынан өтетін Сарысу өзенінде қалыпты жағдайда су жүріп жатқандығын хабарлаймыз. Жолдың кей учаскесін уақытша су басуына байланысты айналма жол мен теміржол арқылы қатынауларыңызды сұраймыз. Барлық әлеуметтік-мәдени нысандар, соның ішінде мектептер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Белгіленген аумаққа жауапты жергілікті билік өкілдері аталмыш елді-мекендерді бақылауында ұстап отыр.
Тұрғындардан сабыр сақтауларын сұраймыз.