Бәрі неден басталды: Ата Заң жобасының әзірлену тарихы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын әзірлеу үдерісі елдегі саяси реформалардың жалғасы ретінде бастау алды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бірпалаталы Парламент құру туралы ұсынысынан кейін кең қоғамдық талқылауға ұласты. Осылайша, Ата Заңды жаңарту мәселесі мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық күн тәртібіне шықты.

2025 жылғы 8 қазанда парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Бұл қадам реформаларды жүйелі түрде пысықтауға және құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар, азаматтардың пікірін ескеру мақсатында e-Otinish және eGov порталдары арқылы ұсыныстар қабылданды. Нәтижесінде парламенттік реформадан бөлек шамамен екі мыңға жуық ұсыныс түскені қоғамның белсенділігін көрсетті.

Жаңа нормаларды талқылау барысында ашық қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылып, азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан келген ұсыныстар жан-жақты сараланды. Бұл үдеріс реформаның барынша ашық әрі инклюзивті форматта өткенін аңғартты.

2026 жылғы 21 қаңтарда Қазақстанның барлық өңірлері мен әлеуметтік топтарының өкілдері енген Конституциялық комиссия құрылды. Комиссия жаңа редакция жобасын әзірлеу, ұсыныстарды жүйелеу және құқықтық тұрғыдан пысықтау жұмыстарын үйлестірді. Жалпы алғанда, реформаны талқылау шамамен жарты жылға созылып, әрбір маңызды норма егжей-тегжейлі қарастырылды.

Осылайша, Ата Заң жобасын әзірлеу бір күннің ісі емес, көпсатылы әрі кең ауқымды талқылау нәтижесінде жүзеге асқан үдеріс болды. Бұл – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және қоғам сұранысына жауап беретін құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *