Жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа — жастар көзқарасы» атты кездесу өтті.

Ауданымызда оқушылармен конституциялық референдумға арналған мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас буынға Конституцияның жаңа жобасы мен алдағы референдумның мән-маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесудің спикері ретінде Жастар ресурстық орталығының директоры Еркегүл Тәттімбекқызы сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің мазмұнына кеңінен тоқталды. Ол референдум – халықтың өз еркін білдіруінің тікелей тетігі екенін атап өтіп, әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамауы керектігін жеткізді.

Шара барысында жаңа заң жобасында қарастырылған негізгі бағыттар түсіндіріліп, оның мемлекет дамуына ықпалы туралы айтылды. Сонымен қатар, оқушыларға референдумның өткізілу тәртібі, маңызы және азаматтық жауапкершілік жайында нақты ақпарат берілді.

Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, ел тағдырына қатысты мәселелерге саналы көзқарас орнықтыруға ықпал етеді.

Бүгінгі ақпарат – ертеңгі белсенді азаматтық ұстанымның негізі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *