Жезқазған қаласында 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жезқазған қаласында 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Биыл Жезқазған қаласында автомобиль жолдарының сапасын жақсарту мақсатында жалпы ұзындығы 4,8 шақырымды құрайтын 7 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр.

Жөндеу жұмыстары қаланың көлік қозғалысы тығыз әрі маңызы жоғары көшелерін қамтиды. Атап айтқанда, Холмецкий көшесінде Пушкин көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта жол жабыны жаңартылады. Сондай-ақ Пушкин көшесінің Сәтпаев көшесінен Садовое кольцо көшесіне дейінгі бөлігі жөндеуден өтеді.

Бұдан бөлек, Алашахан даңғылының Байқоңыров көшесінен айналма жолға дейінгі учаскесінде, Есенберлин көшесінің Жәлел көшесінен Шығыс айналма жолына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары атқарылады. Қаражар көшесінің Сәтпаев көшесінен МАИ ғимаратына дейінгі аралығы да жоспарға енгізілген.

Сонымен қатар, Бөгенбай батыр шағын ауданындағы бірқатар көшелерде — атап айтқанда, Заводская, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майқұтов және Шинтуринов көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Шығыс айналма жолының айналма жолдан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде де жол жабыны жаңартылады.

Жоспарланған жұмыстар жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *